Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 15:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды

17 Января 2020 (12:42) | 2190 | Автор: Нурганым Имашева

2020 жылы Елімізде волонтерлар жылы деп аталып отыр. Сол себепті Республика бойынша Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды.

 

 

Бұл туралы Облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

 

Орталықтар қызметінің бірыңғай форматын ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы 4 бағыт бойынша тиісті Тұжырымдама әзірленді: әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация. Осыған байланысты, облысымызда ағымдағы жылдың 24 қаңтарда волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орталықтың ашылуына байланысты Ашық есік күнін өткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, волонтерлер жылы аясында өткізілетін іс-шаралар Ассамблеяның 25 жылдығымен идеялық ұштастырылуы және қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталуы тиіс екенін ескеруіміз қажет.

 

ҚХА волонтерлік қозғалысының негізгі бағыттарына толығырақ тоқталып өтетін болсақ:

 

1) «Бірлік» – әлеуметтік (әлеуметтік бағдарламалар аясындағы қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи рухани және сәулеттік құндылықтарды және т.б. қорғау және қалпына келтіру);

 

2) «Білім» – білім беру (түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыру, Достық үйлерінде тілдерді оқыту, жетекші мамандардан бизнес тренингтер, цифрлық сауаттылық дағдылары, оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс, жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірінші курс талапкерлеріне көмек көрсету, тәлімгерлік институтын популяризациялау және т.б.);

 

3) «Тәрбие» – спорттық (азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, ел өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және т.б.)

 

4) «Келісім» – медиация (даулар мен жанжалдарды шешу, қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуде көмек көрсету

 

Басты мақсат - түрлі әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құру.

 

 

Кәзіргі таңда МО ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабында 300 ден астам жас бар, сауалнама жүргізу арқылы Жастардың басым бөлігі волонтерлік қызметке қарсы еместігін білдірді. Волонтерлердің жасына ешқандай тосқауыл болмауына байланысты алдағы уақыттада еріктілер саны артады деген ойдамыз.

 

Yessenov университетінде былтыр оқу жылынан өз қызметін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жанынан бастаған инновациялық, оқу әдістемілік – «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы қазіргі таңда облыс бойынша ауқымдық жұмыстар жүргізілуде.

 

Ш.Есенов атындағы КМТИУ – кәсіпкерлік және әлеуметтік жауапты университет деп өзін позициялайды.

 

-Біздің университеттің ең басты құндылықтарының бірі: Ашықтық, Ықыластылық. Креативтілік, яғни қоғамдық жауапкершілік, қоғамға қызмет ету болып саналады. Сондықтан 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып Университетіміздің оқу бағдарламасына енгізілген болатын,-деді университеттің «қоғамға қызмет» орталығының үйлестірушісі Міржақып Бағдатұлы.

 

2019 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев Университетімізге келген сапарында, «Service learning» орталығының қоғамның дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешудегі орны маңызды екендігі жөнінде жоғары баға берген болатын. Жобаның белсенділігі, ол 7 аптаға созылады. Таңдаған жоба әлеуметтік қызмет саласына, яғни әлеуметтік ұйымдармен байланысты болады.

 

Қазіргі таңда 150 ден астам әлеуметтік жобалар жүргізіліп, университеттің 23-тен астам әлеуметтіек ұйымдармен, әлеуметтік институттармен қарым-қатынас орнатылып, әлі де болса аясын кеңейту жұмыстары жөнінде байланыстар жүргізіліп жатыр.

 

«Service learning» пәні арқылы Қазақстан қоғамына таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдайтын, ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқыр, негізгі ұстанымымен ерекшеленетін, елдің тағдыры үшін, оның әлеуметтік экономикалық өркендеуі үшін жауапкершілік сезіміне ие бастамашыл кәсіби мамандардың шығуына ықпалын тигізеді.

 

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему