″Бір ауыл-бір өнім″ жобасы бойынша оқыту: ақтауға жапондық сарапшы келді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 05:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Бір ауыл-бір өнім″ жобасы бойынша оқыту: ақтауға жапондық сарапшы келді

29 Июля 2022 (15:55) | 1938 | Автор: Редакция

Ақтауда «Бір ауыл - бір өнім» жобасын оқыту шеңберінде бірегей өңірлік жобаларды әзірлеу және енгізу жөніндегі кәсіпқой маман, JICA жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің сарапшысы, талдаушысы және серіктесі Сергей Волковскийдің тренингі өтті. Аталмыш жоба бойынша шара work-team форматында ұйымдастырылды.

Онда қазіргі түйіткілді мәселелер, мақсаттар мен оларға қол жеткізу әдістері анықталды. Мағызды кездесуге Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де қатысты. Пилоттық жобаға қандай мамандар қажет екенін түсіну үшін Қарақия аудандық колледж директорлары да келді.  Атқарушы билік деңгейінде жобаға жан-жақты көмек көрсетудің маңыздылығына көз жеткізу үшін аудан әкімінің орынбасарлары да қатысты.

Белгілі тәлімгер Сергей Волковский: «Барлығын өзіңіз қалағандай жасаңыз және керемет нәтижеге жетіңіз. Қарапайым нәрселерді түсіндірместен, оны үнемі қолданбай, керемет нәрсе жасау мүмкін емес. «Бір ауыл-бір өнім» жобасы барлық жағынан керемет. Оның пайдалылығы, әлеуметтілігі және нәтижелері бойынша да ұнады»,-деген ой білдірді.

«Мен бұл жобаны 2018 жылы оқып шығып, Маңғыстауда жүзеге асырып қана қоймай, қажеттілігін түсініп, ел бойынша тәжірибеге енгізуді ұсынғаным дұрыс болды. Жапония елшілігі мен JICA-ға жүгініп,  іске асыруға жасалған қадамдарым оң шешімге ықпал етті. Біздің жоба «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан толық қолдау тапты»,- деді МО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.  

Экономикасы ілгері озған, дамыған Жапонияның үлгісі бойынша шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету әдісін Қазақстан да жүзеге асыруда.

Екі күнге жалғасқан шарада іскер әйелдер өздерінің өзекті мәселелерін айтып, өңірлік бизнес қауымдастығында кездесетін қиындықты шешу жолдарын іздеді.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему