Оразгүл Бақтыбаеваға көмек қажет!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Оразгүл Бақтыбаеваға көмек қажет!

7 Апреля 2017 (16:56) | 2222 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

52 жастағы Оразгүл Бақтыбаева алаяқтардың кесірінен үйінен бір, денсаулығынан екі айрылды. Жалғызбасты ана жер алып беремін деген, жас қызға алданып қалған. «Әлия» есімді бойжеткен Оразгүлді «апалап», күнде үйіне барып, әбден сенімге кіреді. Жалғызбасты әйелдің қолында 10 мың доллар ақшасы бар екенін біледі. Оразгүл Бақтыбаева ол қаржыға кәсіп ашқысы келген. Әлгі «Әлия» кәсіп ашуға да, оған қажетті жер телімін алып беруге де көмектесетінін айтып, алдымен 10 мың долларын алады, кейіннен ол қаржының жетпейтінін айтып, тағы 20 мың АҚШ ақшасын сұрайды. Көптен бергі өз ісімді ашсам, деген мақсатына қол жеткізу үшін Оразгүл Бақтыбаева біреуден 20 мың долларды үстеме пайызбен алады. Қомақты қаржыны қолына түсірген «Әлия» ізін суытқан.

Әйгерім Бақтыбаева, зардап шегуші О.Бақтыбаеваның қызы:

-Бірнеше ай өтеді, Әлия телефонын көтермейді, оны іздеп шаршадық. Ал, қарыз алған ақшамыздың үстеме пайызы өсіп кетті. Содан құтылу үшін басымыздағы бар баспанамызды банкке қойып, 40 мың доллар алды анам. Мен ол кезде Ақтөбеде тұрамын, тұрмыстамын. Анам жалғыз өзі жұмыс істейтін. Алаяққа алданғанын білген соң анамның денсаулығы күрт нашарлады. Еңбекке қабілетсіз болып, несиені төлей алмай қалды. Содан бірер ай өткенде банк пәтерімізді аукционға қойып, сатып жіберді. Осылайша үйімізден айрылып қалдық.

Оразгүл Бақтыбаеваны сан соқтырған қыз жалғыз емес екен. Егде жастағы әйел екі жас қызбен бірігіп, тұтас бір қылмыстық топ құрып, талай жанды тақырға отырғызыпты. Тіпті, бір ер адамның 250 мың АҚШ долларын қағып кеткен. Миллиондаған қаржыны үптеп кеткен «алдаудың шеберлері» 8 жылға сотталыпты. Алайда, алған ақшаларын қайтармаған.

Басындағы баспанасынан айырылған күні Оразгүл Бақтыбаеваның қан қысымы көтеріліп, құлапты. Содан бері төсек тартып жатыр. Арқа сүйер азаматы жоқ. Екі қызының біреуі ғана жұмыс істейді. Ал, Әйгерім анасын бағып отыр. Жолдасы қайтыс болған соң, екі баласымен анасының жанына келген. Кіші ұлының мүмкіндігі шектеулі. Бұл Ал, Бақыттың бар тапқаны пәтер ақысына әзер жетеді.

Қазір екі қызды баспанадан көрі аналарының денсаулығы алаңдатып отыр. Оразгүл Бақтыбаеваның денсаулығы күннен-күнге нашарлап барады. «Анамызды ауруханаға жатқызудың өзі мұңға айналды. Дәрі-дәрмегі қымбат. Қаржылай көмектесетін жан табылса анамызды шетелге емдетер едік»,-дейді Әйгерім. Қазір Оразгүл өзі тамақтана алмайды. Тыныс алуы да нашар. Көмекке мұқтаж отбасыға жәрдемдесер жан табылса, қызы Әйгерімге хабарласып, көмектеріңізді берулеріңізге болады. Әйгерімнің ұялы телефоны: 87018387089.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему