Жаяуды қаққан азамат жазасын алды
16 Декабря 2016 (17:06) | 1421 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот отырысында анықталғандай, А. Жаңаөзен қаласында тас жолда жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші О-ны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші О-ның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келтiрген.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді. Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему