Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды
11 Июля 2022 (17:33) | 1780 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлерді дамыту мәселесін қолға алатын қауымдастық құрылды. Бұл туралы қауымдастық құрылтайшыларының жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
«Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінде жергілікті кәсіпкер Жалғас Мырзағалиев төраға болып сайланды. Жиында қауымдастықтың қамқоршылар кеңесі құрылды. Кеңестің төраға тізгіні Абылай Мырзахметовке берілді. Құрылтайшылар оның кәсіпкерлікті дамыту саласында мол тәжірибесі барын атап өтті.
-Қауымдастық құрылтайшыларының сенімі үшін ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Жаңаөзен моноқала. Әрине, оған әлеуметтік екпін беру үшін онда жұмыс орындарын ашып, жұрттың табысын арттыру керектігі түсінікті. Сонда ғана шағын және моноқалалардың тамырына қан жүгіреді. Құрылған қоғамдық институт осы бағытта жұмыстарды жан-жақты жүргізбек, - деді қауымдастықтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абылай Мырзахметов.
Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қауымдастық жергілікті өндірісті қолдау, туризм, ауыл шаруашылық саласын дамыту басымды бағыттарында жұмыс істемек.
-Қауымдастықта қазір «Қазмұнайгаз» ҰК-мен бірлесе оның еншілес мекемесі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тапсырысы арқылы 23 жаңа жобаны жасақтауды қарастырып жатыр. Әлі де ұсыныстар түсуде, жоба саны көбеюі мүмкін. Бұл арқылы жергілікті кәсіп иелеріне жәрдемдесіп, жаңа 600-ден астам жұмыс орынын ашуға мүмкіндік бар,- деді Абылай Мырзахметов.
Айта кету керек, қыркүйек айына дейін қауымдастық сарапшылардың көмегімен Жаңаөзен моноқаласының экономикасының жан-жақты даму жоспарының жобасын әзірлейді. Ол жоспар қала тұрғындарының назарына, жергілікті атқарушы органға талқауға ұсынылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему