Ақтау әуежайында барлық жолаушылар тепловизордың көмегімен тексеріледі
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау әуежайында барлық жолаушылар тепловизордың көмегімен тексеріледі

26 Января 2020 (09:48) | 1381 | Автор: Нурганым Имашева

Қытайда коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты Ақтау қаласының әуежайында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

 

 

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев мәлімдеді.

 

-Алдын-алу сақтық шараларына сәйкес, Ақтау қаласының әуежайында шетелден келген барлық жолаушылар қашықтықтан дене қызуын өлшейтін жабдықтың көмегімен тексеріледі, - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев.

 

Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталып, дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмонияға ұласатын А типті инфекция Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Адамнан адамға жұғу қаупі бар бұл аурудың клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Аталған инфекциялық ауру жануарлар арқылы немесе теңіз өнімдерінен таралды деген болжам да бар. Айта кетейік, осы уақытқа дейін коронавирустың жаңа түрінен 17 адам көз жұмды. Ал бұл дертті жұқтырғандар саны 600-ден асқан. Қазір қауіпті вирусқа байланысты Ухань қаласы жабылды.

 

 

«Бүгінгі таңда тұрғындарға  адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, жануарлар мен балық еті қосылған азық-түлікті қолданбауға кеңес береміз. Сонымен қатар жедел респираторлық-вирустық инфекциялары мен тұмау белгілері пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгінгендері абзалырақ.

 

«Сақтансаң сақтармын» деген мамандар гигиеналық тазалықты бірінші кезекке қоюды ескертеді. Ең қарапайым, қолды дұрыстап екі-үш қайтара жуып, тіптен адам көп шоғырланған жерлерде медициналық маскамен жүруде артық етпейді дейді олар.

 

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему