Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары Жаңаөзенде өнер көрсетті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 20:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары Жаңаөзенде өнер көрсетті

19 Марта 2018 (17:17) | 2098 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына  арнаған биылғы жылғы

 

 

 «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін  мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек», - деп баса айтқаны белгілі.

 

-Ұлттық сананың жаңару үрдісі қарқын алған тұста мәдениет ұжымдары мен өнер мекемелері де заманға сай болуы қажет. Рухани жаңғыруды  кеңінен насихаттау мақсатында М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы да көптеген мәдени іс- шараларды өткізуде

 

Соның бірі ретінде 2018 жылдың 17-ші наурызы күні Жаңаөзен қаласында М. Өскінбайұлы атындағы «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік концерті өтті,- дейді М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Базарбаев..

 

 

Жаңаөзен қаласында өткен концертке мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеров , республикалық сайыстардың жүлдегері Сәбит Шектібаев , Әзімхан Баймағамбетов , Еркебұлан Соңғыбаев секілді өнерпаздар қатысты.

 

 Халық күйі «Қара жорға», «Ақ ілме», Есірдің «Ерен» секілді күйлерін нақышына келтіре орындаған «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің өнеріне халық ризашылығын білдірді.

 

 -Күллі мұсылман қауымының төл мерекесі Наурыз мейрамының ерекшелігі, оның маңызы туралы мәлімет бере отырып, халыққа мерекелік көңіл – күй сыйлау, өз ұлтымызға деген сүйіспеншілікті арттыру өткізілген концерттің басты міндеті болды.

 

Қамтылған көрермен саны  – 1000,- деп мәлімдеді облыстық филармония директоры Бекбол Таңатарұлы.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему