Маңғыстаулық жүргізушілерге жол бойында қызметтік көліктерге кедергі келтірмеу ескертілді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 08:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жүргізушілерге жол бойында қызметтік көліктерге кедергі келтірмеу ескертілді

18 Августа 2019 (15:51) | 1794 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті полиция және медицина қызметтерімен бірлесіп, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе шеңберінде «Жол бер – өмір сыйла» рейдтік акциясын өткізді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға хабарлаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Шараның басты мақсаты – жол қозғалысының қатысушыларына жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру, жалпы парсаттылықты дәріптеу арқылы оған қарсы мәдениетті қалыптастыру болды»

 

-Полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған әрбір жүргізушімен болған диалогын акцияның мақсатымен таныстырудан бастап, полиция қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» бағытын ұстанатындығын атап өтті.

 

 

Акция барысында автокөлік жүргізушілерінің арнайы түстік және дауыстық дабылдар қосып келе жатқан жедел жәрдем автокөлігіне жол беруіне-бермеуіне көңіл бөлінді.

 

Өкінішке орай, мұндай жүргізушілер де табылды. Осы кісілерге жедел жәрдем көлігінің кідіруінен адамның денсаулығы мен өміріне қауіп келетіні айтылды. Акцияға қатысушылар тарапынан әрбір тоқтатылған жүргізушіге заңнама талаптарын міндетті түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттеріне тап болған жағдайда 1424 бірыңғай Call орталығына хабарлау ұсынылды,- дейді Департаменттің баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему