Маңғыстауға жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 04:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауға жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген

17 Июня 2022 (14:23) | 1794 | Автор: Редакция

Жыл басынан бері Маңғыстау облысына 54 575 адам келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 мың адамға артық. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Утешов хабарлады.

- Өңірде туристер тоқтайтын орындар саны 98-ге жетті, нөмірлер саны 3 810. Жалпы, жыл басынан бері 1,2 млрд. теңгеге қызмет көрсетілген. Көрсеткіш 1,2 есеге өсті. Сонымен қатар, салаға тартылған инвестициялар да артқан. Мәселен, (ойын-сауық, тамақтану сынды қызмет түрлерінен) 2021 жылдың қорытындысы бойынша - 43,8 млрд.теңгені, 2022 жылдың қаңтар – сәуір айларында - 3,97 млрд. теңгені құрады,- деді Данияр Утешов.

Брифинг барысында спикер туризм саласындағы жобаларға да тоқталып өтті.

-Биыл 40 млрд. астам теңгеге 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Жалпы,
2022-2025 жж мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 100 млрд. астам теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осылайша, туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристер ағынының өсуіне мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын құруды салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етеді. Туризмнің бір ғана саласын ғана емес, экономиканың басқа да аралас салаларын дамытуға серпін береді. Сайып келгенде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді,-деді Данияр Утешов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему