Балық аулаушылардың назарына!
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балық аулаушылардың назарына!

29 Марта 2019 (09:02) | 3755 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы ММ Құтқарушысы Ә.Ботабаевтың мәлімдеуінше, «Маңғыстау облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің алдында тұрған ең маңызды, әрі міндетті – облыстың су айдындарында (теңізде) кездесетін қайғылы оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар судағы төтенше жағдайларды жою бойынша жоспарланған, жаппай өткізілген және жүйелі жұмысты ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.

 

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу, суда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету және адам өмірін қорғау».

 

-Маңғыстау облысы аумағында 4 Суда құтқару бекеттері және бір апаттық сүңгуірлер жасағы бар. Ақтау қаласы, Форт-Шевченко қаласы, Құрық кенті және Кендірлі демалыс орнында орналасқан. Облыстық ТЖД Суда құтқарушылары.

 

Балық аулаушыларға апатты жағдайлардан сақ болуды ескертеміз. Әсіресе балық аулаушылары теңізге шыққан кезде қандай жағдай болмасын, тиісті құтқару құралдары болуы тиіс. Өзіңіздің жаныңызда құтқару кеудешесі, құтқару белдігі, өзінің орналасқан орнын білдіретін құралдар, ұялы телефон, ысқырғыш және т.б. құралдар болуы қажет.

 

Теңізге жалғыз шықпай қасыңызда тәжірибелі, бұрын балық аулап жүрген балықшы болуы тиіс. Ауа-райының қолайсыз жағдайында теңізге шығуды кейінге қалдырғаныңыз жөн,-деп ескертеді құтқарушы Ә.Ботабаев.

 

Оның айтуынша, « Ақшұқыр ауылының тұсынан Сығынды мүйісінде тас-тастың арасынан ашық теңізге шығып балық аулайды, кейбір жағдайларда өз өміріне қауіп төндіріп жүреді. Облыс көлемінде балық аулаймыз деп қайғылы жағдайға ұшыраған балық аулаушылар бар екені жасырын емес.

 

Мысалға, Форт-Шевченко қаласы, Аташ, Баутино елді мекені, Қызылөзен, Қаламқас, Қаражанбас, Кендірлі, Құрық осы аталған ауданда және елді-мекендерде».

 

 

Көктем айларында ауа-райы құбылмалы болып келеді. Сол себепті теңізге балық аулауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Қауіп қатерден,апаттан,оттан судан абай болыңыздар.

 

Біздің мақсатымыз - қорқыту емес, ескерту.

 

Суда құтқару кезекшісінің телефоны 50-12-61

 

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші телефоны 42-68-68 және 112, - дейді Маңғыстау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы ММ Құтқарушысы Ә.Ботабаев.

 

Суреттер aikyn.kz, yvizion.kz сайттарынан алынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему