Бірінші сынып оқушылары өрт сөндірушілерде қонақта
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 22:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бірінші сынып оқушылары өрт сөндірушілерде қонақта

18 Апреля 2019 (11:43) | 1570 | Автор: Нурганым Имашева

№1 орта мектептің 1 «Б» сынып оқушылары Ақтау қаласының азаматтық қорғау мұражайына қызықты саяхат жасады. Оқушыларды мұражайда өте қуанышты және жылы қарсы алды. Оқушыларды көрме залдары бойынша өткізіп қолданыстағы макеттермен таныстырды және өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мамандығы туралы айтылды.

 

 

Кішкентай қонақтар үшін танымдық сабақ өткізілді. Оқушылардың мұражайда өткізген сағат бойы уақыты қауіпсіздік ережелерімен танысуға арналды. Балалар мектепте, үйде және көшеде өзін қалай ұстау керектігін, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде не істеу керектігін білді.

 

 

Балалар қол өрт сөндіру сорғысының жұмысын, өрт сөндіру автокөліктерінің макеттерін көрді. Сондай-ақ балаларды өрттің негізгі себептері мен олардың пайда болуы кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларымен таныстырды, жану өнімдерімен уланудың алдын алу жолдары туралы айтылды, шұғыл қызметтерді шақыру және «101» – өрт күзетін шақыру телефондарын қайталады. Балғындар өрт сөндіру қызметінің нөмірін теріп, мекен-жайды атауды үйренді.

 

Балалар гидравликалық авариялық-құтқару құралының жұмысымен танысып, әскери киім мен касканы киіп көрді. Ал өрт сөндірушілер өрт сөндіру көлігінің кабинасына отыруға және тіпті сиренаны іске қосуға рұқсат еткен кезде – қалайтын балақайлардың барлығы тіпті қақпаға дейін кезекке тұрды.

 

 

-Өрт сөндірушілер әрдайым осындай кездесулерге қуанышты, өйткені бұл олардың күнделікті жұмыс барысын ажарландыра түседі, ал балалар үшін осындай саяхаттар – нағыз мереке, - дейді осы ақпаратпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему