Бейнеу ауданында алғаш рет жүзуден жарыс өтті
2 Ноября 2021 (13:43) | 1001 | Автор: Редакция
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Kaspiy» жүзу бассейнінде жүзуден жарыс өтті. Шараны Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Kaspiy» спорт кешені ұйымдастырған. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер мен ересектер қатысты. Спортшылар жас аралығына қарай 100 м, 150 м және 200 м қашықтықты кроль әдісі арқылы жүзіп өтіп бақ сынады. Нәтижесінде үздік қатысушылар арнайы дипломдар және медальмен марапатталды. Оларға ақшалай сертификат табысталды.
«Мұндай спорттық дода аудан жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, аудандағы жүзу спортын дамытуға зор үлес қосады. Сайыс алдағы уақытта жалғасын табады», - деді Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ынтымақ Божанов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему