Қаржы саласындағы ахуал
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 18:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қаржы саласындағы ахуал

15 Ноября 2016 (17:27) | 1473 | Автор: Нурганым Имашева

 

15 қараша –ҚР ұлттық валютасы күні. Осы атаулы датаға орай Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Оның негізгі тақырыбы - Маңғыстау облысы Қаржы басқармасының 2016 жылдың қызметінің есепті мерзіміне қорытындылары туралы, аймақтағы мүлікті жекешелендіру және заңдастырудың жай-күйі. Журналистер алдында Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Әлбекова Марина Борисқызы есеп беріп, тілшілер сауалдарына жауап берді.

 

БЮДЖЕТ ОРЫНДАЛЫСЫ

      Басқарма басшының мәлімдеуінше, тұтастай алғанда, 2016 жылы облыстық бюджет арқылы 222 бюджеттік бағдарламалар бойынша 30 ББӘ-і жалпы сомасы -141 млрд.теңгеге қаржыландыруы қамтамасыз етіледі.

 

2016 жылғы 9 айдың қорытындысымен, облыс бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі 96% құрады, республикалық бюджеттің қыркүйектегі нақтылауымен қоса 1,1 млрд.теңге қаржы игерілмеген, оның ішінде даму нысаналы трансферттер - 400 млн.теңге, ағымдағы трансферттер - 700 млн.теңге. Игерілмеу себептері конкурстық процедуралар мен орындалған жұмыстар актісінің жоқтығына байланысты. Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша конкурстық процедуралар өткізілген.

 

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жалпы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерінің көлемі ұлғайған (2015 жыл – 43,9 млрд.теңге, 2016 жыл – 53,9 млрд.теңге), 2016 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 32 нысан құрылысы жүргізілуде, оның ішінде осы жылы 14 нысан аяқталуда.

 

 

КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ

- Қарашаның басындағы жағдай бойынша коммуналдық меншік активтері 710 млрд.теңгені құрайды, оған ғимараттар, имараттар, жер және басқа да мүліктер кіреді.

 

            01.11.2016 жыл жағдайы бойынша облыстық коммуналдық меншігінде 693 заңды тұлға тіркелген: 408 ММ, 48 МКК, 216 МКҚК, 17 ЖШС, 4 АҚ. Негізгі бөлігін әлеуметтік сала ұйымдары құрайды (65% дан жоғары), кейін мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар.

 

            Белгілі болғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында еліміздің квазимемлекеттік сектор субъектілерін жекешелендіру бойынша тапсырма қойылған болатын. Қазіргі күні «100 нақты қадам»-Ұлт жоспары аясында жекешелендіруге 15 коммуналдық меншік ұйымдары және «Каспий» ӘКК 5 объектісі анықталды. Оларды сату 2014 пен 2020 жылдар аралығында жоспарланған.

 

            Жекешелендірудің екінші толқыны аясында Кесте бойынша, коммуналдық меншікте 2014 жылдан бастап 2016 жылдың 10 айын қоса алғанда 4 ұйым сатуға шығарылды. Нақтырақ, 2 ұйым сатылды, түсімдер соммасы 25,2 млн.теңге. Жылдың соңына дейін 3 ұйым сауда-саттыққа шығару жоспарлануда.

 

            «Каспий» ӘКК еншілес ұйымдары бойынша- 2014жылдан бастап2016 жылдың 10 айын қоса алғанда 7 ұйым сатуға шығарылды, оның ішінде 4 ұйым сатылды, жекешелендіруден түскен түсімдер жалпы суммасы 467,5 млн.теңгені құрайды, - деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлбекова.

 

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ

«2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлкін жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, жұмыстар басталды.

 

2016 жылдың 10 қараша жағдай бойынша мүлікті жария ету бойынша құны 17,4 млрд.теңгені құрайтын 817 өтініш түсті, (оның ішінде тұрғын нысаны бойынша – 251 және тұрғын емес нысандары бойынша – 561, құнды қағаз – 1, қатысу үлесі- 3.

 

Барлық түскен өтініштерден 567 өтініш бойынша мүлікті жария етуге шешімі қабылданды, ол 69% құрайды (соның ішінде тұрғын нысаны бойынша – 184 және тұрғын емес нысандары бойынша – 381, ЗТ қатысу үлесі- 2). Қараусыз қайтарылғаны 212 өтініш (5,4 млрд.теңге) және 38 өтініш қаралуда»,- деп мәлімдеді облыстың бас қаржыгері Марина Борисқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему