3 мыңға жуық қоғам белсендісі ҮЕҰ академиясында білім алады
30 Мая 2022 (17:31) | 1364 |
Автор: Редакция
Оқыту үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің әлеуеті мен құзыретін арттыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Қазақстанда үш жылдық ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ҮЕҰ Академиясы» жобасы іске асырыла бастады.
Жобаны іске асырудың нәтижесінде кемінде 3 мың ҮЕҰ-ның өкілдері өз қызметін кәсібилендіре алады.
Биыл факультеттер мен мамандандырылған курстардағы оқыту әр түрлі бағыттарды қамтитын болады. Қазіргі уақытта академияда ҮЕҰ-ны ұйымдастыру, институционалдық дамыту, жобалық және қаржылық менеджмент факультеттеріне қабылдау жүргізілуде.
«Кез келген үкіметтік емес ұйым қызметінің тиімділігі ҮЕҰ қызметінің қаншалықты сауатты құрылғанына байланысты болады. Біздің Академиядағы оқыту бағдарламалары тыңдаушыларға ҮЕҰ-ны құқықтық деңгейде құруға, гранттық жобаларға қатысуға қатысты базалық білімді алуға, ҮЕҰ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, жалпы ұйымның тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді жоба жетекшісі Светлана Пак.
Сондай-ақ, жоба аясында ҮЕҰ белсенді басшылары үшін көшбасшылық тақырыбындағы оқыту шаралары ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылар азаматтық сектор жаттықтырушылары үшін кемінде 20 онлайн-тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Өрелі ұрпақ»онлайн-әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі іске қосылады.
Оқудан еліміздің барлық өңірлеріндегі ҮЕҰ өкілдері өте алады. Оқыту форматы онлайн және офлайн режимінде де өтеді деп күтілуде. Оқу аяқталғаннан соң ҮЕҰ академиясының ең үздік тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему