Өңір бойынша медиация тәртібімен қысқартылған істердің саны артқан
27 Января 2020 (09:05) | 1116 | Автор: Нурганым Имашева
«Қоғамдық коммуникация орталығында» «Маңғыстау облысы соттарының 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы мен алдағы мақсат-міндеттері туралы» баспасөз мәжілісі өтті.
Облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Айжан Молбаева «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылданғандығын айтып, оның ішінде көліктегі құқық бұзушылықтарға, көші-қон саласындағы, жеке тұлғаға қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша басты өзгерістерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мәселесіне тоқталып, оның ішінде сот отырысына қашықтықтан қатысу, талап арыздарды электронды беру, сот процестерінің аудио-бейнежазбаларға таспалануы туралы айтты.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев өңір бойынша есепті мерзімде азаматтық және әкімшілік істердің саны едәуір азайып, медиация тәртібімен қысқартылған істердің саны артып отырғанын тілге тиек етті.
-Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы кезеңде барлығы 21 655 іс қаралып аяқталған, былтыр аяқталған істердің саны 36 434 болатын, яғни барлық аяқталған істердің саны 14 779 данаға азайған.
2191 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған. Олардың ішінде 351 іс бітімгершілікке келу арқылы аяқталған. Былтыр 1549 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған, яғни бұл көрсеткіш 642 данаға өскен. Олардың ішінде 1834 іс медиацияның тәртібімен аяқталған. Партисипативтік келісімге келу арқылы 6 іс қаралған, былтыр да 6 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте қаралған болатын.
Есепті кезеңде Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік және облыстың аудандық соттарына барлығы 14 696 әкімшілік іс түскен, олардың 14381-і қаралған. Былтыр соттарда 17243 іс қаралған, яғни қаралған істердің саны 2862 данаға азайған,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.
Суретті түсірген «Қоғамдық коммуникация орталығы»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему