Баутин ауылында мешіт ашылды
17 Мая 2022 (16:54) | 1857 | Автор: Редакция
Түпқараған ауданындағы Баутин ауылында мешіт ашылды. Жаңа имандылық үйі 100 адамға шақталған, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
Шараға ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Түпқараған ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мешіт кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың қолдауымен салынған. Жүз адамға арналған мешіттің құрылысы 2021 жылы басталған. Бір қабаттан тұрады. Кең бөлмелері мен намазға арналған бөлмесі бар. Жаңа мешіттің лентасын Баутин ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанжан Тәуірхан, Алаи Исмаил Самедоғлы мен ҚМДБ өкілі Әнуар Елжанов кесті.
- Мешіт адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж болған адам өз жанына тыныштық табатын киелі орын. Бұл ежелден тамыр тартып келе жатқан ислам өркениетінің ордасы. Ал ислам діні әу бастан адам мен адамды, халық пен халықты, әр түрлі сенімдер мен нанымдарды бір ымыраға, бітімге шақырып келе жатқаны жасырын емес. Баутин, Аташ ауылының тұрғындарына мешіт салып берген Алаи Исмаил Самедоғлыға рақмет, - деді аудан әкімі Рахат Елтизаров.
Жиын барысында аудан әкімі Рахат Елтизаров мешіттің салынуына сүбелі үлес қосып, демеушілік көрсеткен азаматтарға аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему