Маңғыстау ауданында Сисем атаға арналған рухани шара өтеді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау ауданында Сисем атаға арналған рухани шара өтеді

10 Сентября 2019 (09:42) | 3764 | Автор: Нурганым Имашева

Қыркүйек айының 13-14-і «Сисем елдің есігі, Ердің бесігі» атты жалпыхалықтық рухани астың аясында қорымның мультимедиялық картасы жасалады.

 

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі өлкетанушы Алқажан Еділхан айтты.

 

 

Үш жүз алпыс әулиелі Маңғыстау атанған бағзы жұрт, бабатопырақта күллі қазақ, исі мұсылман әлемі үшін құнды саналатын қасиетті орындар аз емес. Солардың бірі – Сисем ата қауымы. Бұл қауымда тарихи тұлғалар, ел қорғаған батырлар, билер мен бектер, жомарт-мырзалар, рубасылары мен рухани көсемдердің әруағы байыз тапқан.

 

 

 

Сисем ата туралы тарихи мағлұмат тым аз. Оның ислам дінін таратқан қасиет иесі болғандығы ғана айтылады Сисем ата қорымы – керемет оюларымен, таңғажайып эпиграфикасымен, әр түрлі сәулеттік пішіндермен ерекшеленеді. Маңғыстаулықтар бұл орынды қазақ халқының бірнеше қайраткерлері жерленгендігімен құрмет тұтады.

 

Сисем ата қорымы Маңғыстау ауданының Сайөтес елді-мекенінен 35 шақырым қашықтықта орналасқан үлкен қауым. Ғылыми тілде пантеон (игі жақсылар, жайсаңдар, рубасылары жерленген орын) деп атайды.

 

 

-Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен, ел ағаларының бастамасымен 13-14 қыркүйек күні өтетін жалпыхалықтық ас шарасында, қазақ күресі, аламан бәйге, жазба ақындар мүшайрасы, ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Сисем атаға арнайы мультимедиялық интерактивті карта жасақталып жатыр, яғни ұялы телефонмен QR код арқылы Сисем ата туралы барлық мәліметтерді көруге болады, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Рухани шара Өтес елді мекенінен 2 шақырым жерде өтеді. Таңдап алынған арнайы орын күре жолдан 500 метрдей қашықтықта орналасқан. Асқа 130-ға жуық үй тігіліп, 5 мың адам қатысады деп жоспарланған.

 

Айта кетейік Қазақстанның Батысында орналасқан Сисем ата қорымы республикалық дәрежедегі қорғауға алынған маңызды ескерткіштердің қатарына кіреді.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему