«Атажолы» автожолын жаңарту жұмыстары басталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Атажолы» автожолын жаңарту жұмыстары басталды

6 Ноября 2017 (11:08) | 1973 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысында туристерге жағдай жасап, туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі «Ата жолы» автожолын жаңарту жұмыстары. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылған «Өңірлердің дамуы-елдің дамуы» тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан үлкен жоба.

 

 

Ұзындығы 97 шақырымды құрайтын жол 2011 жылы пайдалануға берілген. Алайда, бірнеше қабаттан тұратын автожолдың соңғы қабаты, яғни асфальттау жұмыстары биыл қолға алынып, оған 5 млрд.теңге бөлініп отыр. Жобаның реконструкциялау жұмыстары басталып, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында асфальт төселді.

 

Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов :

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі атап өткендей отандық туризмді дамыту үшін алдымен логистика мен инфрақұрылымды жандандыруымыз қажет. Бүгінгі «Ата жолы» автожолын жаңартудағы негізгі мақсатымыз осы.

 

 

Яғни, сапалы жол салынса, ел-жұрт келеді, тіршілік басталады. Басқа да қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, көптеген кәсіпкердің табыс табуына жол ашылары анық. Бұл жол жақсылыққа бастайтын жол болмақ,- деді.

 

 

Сондай-ақ ол бұл жаңарту жұмыстары Үкіметтің қолдауы арқылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп атқарып жатқан көп істердің бірі ғана екенін атап өтті.

 

Жобаның жалпы құны 5,042 млрд.теңгені құрайды. 97 шақырым жолдың 51 шақырымын асфальттауды 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

 

«Ата жолы» автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол.

 

Бұл орындар Маңғыстау өңірінің ғана емес, еліміздің мәдени мұрасы саналады. Сонымен қатар Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» арнайы жобасына кіреді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему