Маңғыстаулық оқушылар республикалық пәндік олимпиадада топ жарды
26 Апреля 2022 (18:40) | 1968 | Автор: Редакция
Маңғыстаулық 44 оқушы республикалық пәндік олимпиада үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
18-23 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Оған облыстан барған 91 оқушының 44-і жеңіспен оралды. Олимпиадада оқушылар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 16 пәннен бақ сынады.
Былтыр республикалық олимпиадаға маңғыстаулық 77 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанса, биыл бұл көрсеткіш 2 есеге өскен. Сондай-ақ биыл өңірден қатысқан оқушылар химия, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерден жақсы нәтиже көрсетіп алға шықты.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2021-2022 оқу жылында өткен республикалық олимпиада нәтижелерінің негізінде мектептер рейтингісі анықталды. Көрсеткіш әр мектепке берілген медаль саны мен сапа коэффицентін ескере отырып, есептелді. Рейтинг нәтижесі бойынша республикалық 100 үздік мектептің қатарынан облысымыздың «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласының №13 гимназиясы, ІТ лицей, Мұнайлы ауданының №3 жалпы білім беретін мектебі, Шоғы Мұңалұлы атындағы "№5 жалпы білім беретін мектебі", Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі және түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты көрінді.
Облыстағы “Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары тек қана республикалық емес сонымен қатар халықаралық АТМО және МОШП, О.Жәутіков олимпиадаларынана да бірнеше жыл қатарынан жеңімпаз атанып келеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему