Маңғыстау облысында 2022 жылы 7 мектеп салынады
7 Октября 2021 (13:47) | 1615 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Манкешова мәлім етті.
«Бүгінде ең өзекті мәселе – аймақтағы білім беру нысанының санын көбейту. Жалпы 2022 жылы өңірде 7 мектеп салынады деп жоспарланған. Қазір 5 мектептің құрылысы басталды. Оның 3-уі Ақтау қаласының жаңа шағын ауданында орналасса, 2-уі Мұнайлы ауданында салынып жатыр. Тағы 2 мектептің құрылысын салуға конкурс жарияланды. Оның бірі - Маңғыстау ауданы Бекі ауылындағы 100 орындық орта мектеп болса, тағы бірі - Ақтау қаласының 34 шағынауданында орналасқан 900 орындық мектепке жапсаржай құрылысын салу жобасы», - деді Айнұр Манкешова.
Спикердің айтуынша, бұдан бөлек жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі.
«Биыл қолданысқа берілетін білім беру нысандарына тоқталсақ. Ақтау қаласының 32А шағын ауданындағы №29 орта мектептің 300 орынға арналған жапсаржай құрылысы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Күйкен орта мектебі жанындағы оқу корпусы және Ақтау қаласы Өмірзақ ауылындағы №27 мектептің жапсаржайын қайта құру жобасы. Бұл жұмыстар жақын арада аяқталады», - деді Айнұр Манкешова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему