Маңғыстаулықтар Түркияға 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді
13 Февраля 2023 (13:16) | 751 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының тұрғындары зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Гуманитарлық көмектің алғашқы легі 11 ақпан күні таңғы сағат 07:40-та «Turkish Airlines» әуе компаниясы арқылы Ақтау- Ыстамбұл бағытында жіберілді.
-Тұрғындардың тарапынан өте көп көмек көрсетілді. Ақтау-Ыстамбұл рейсі ұшағына 1,5 тонна жүк тией алдық. Барлықтарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Алла разы болсын, - деді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.
Бас консулдың айтуынша, сыймаған және тағы да жиналған киімдер келесі рейстермен жолданатын болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему