Алғашқы ұстазын құттықтады
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 14:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғашқы ұстазын құттықтады

6 Сентября 2016 (15:40) | 7055 | Автор: Нурганым Имашева

 

Кез-келген адам өмірде қандай жетістікке жетсе де өзінің «тарыдай боп кіріп, таудай боп шығатын» алтын ұя мектебі мен қолына қалам ұстау мен әліппені үйреткен алғашқы ұстазына өмір бойы қарыздар екені даусыз. Өйткені адамның азамат болып қалыптасуы мен өмірінің даңғыл жолында алар орнымен дараланып тұратын ұлы тұлға – білім бұлағымен сусындатып, санаға өнегелі тәрбиенің дәнін еккен ұстаз болса, ғұмырындағы ең бір қимас шағы өткен балалықтың бал мекені, білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебі кімге болса да, қашан да ыстық көрінетіні сөзсіз.

 

Білім күні қарсаңында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов өзінің алғашқы ұстазы – Деменова Ақшырын Қызылғұлқызын құттықтады. Тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім еліне саяхат жасаған кезінде өзі сияқты бүлдіршіндерді жылы шыраймен қарсы алып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстазына Бекмұрат Қыдырбайұлы арнайы барып, құрметін көрсетті, ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін арнап, алғысын білдірді, гүл шоғын сыйлады, басын иді.

 

Бекмұрат Жүсіпов - мен ұстаздық қызметімді бастаған Шетпе кентіндегі №2 орта мектептің 1972-1973 оқу жылдарында алғаш мектеп табалдырығын аттаған болатын. Сол бірінші сыныпта оқыған 30-ға жуық оқушының бәрі дерлік жақсы оқыды. Білімге деген құштарлықтары ерекше еді. Ол кездегі оқушылардың, жалпы қоғамның ұстазға деген құрметі жоғары болушы еді ғой.

Қазіргі Қарақия ауданының әкімі Әділбек Дауылбаев та сол сыныпта оқыған болатын. Шәкірттерім әлі күнге дейін мені ұмытпай, мерекелерде құттықтап, құрмет көрсетіп жатады. Оған ризамын, әрине. Ұстаздың еңбегінің жемісі – шәкіртінің жеткен жетісітіктері мен табысы ғой. Ұстаздан шәкірт озса – ол мұғалім үшін зор бақыт. Өзімнен білім алған шәкірттерімнің ел басқарған азаматтар қатарына қосылғанын мақтан тұтамын. Олардың бойында адами қасиеттердің орнығуына және білімді азаматтар болып қалыптасуына өзімнің ұстаз ретінде үлесімді қосқаным үшін қуаныштымын.

Шәкіртім Бекмұрат Жүсіпов мені арнайы құттықтап, маған өзінің «Апай, ұзақ ғұмыр сүріңіз! Деніңіз сау болсын! Әлі күнге еңбектен қол үзбей келе жатқаныңыз үшін қуаныштымын. Ел игілігі жолында атқарған қызметіңіздің жемісін көре беріңіз!» - деген ізгі тілегін арнады,- депмарқаяды тәжірибелі ұстаз Деменова Ақшырын Қызылғұлқызы.

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінің архивариусі қызметін атқарып жүрген Ақшырын апай зейнетке шықса да, еңбектен қол үзбеген. Білімді, білікті маман ретінде аталмыш мекемеге жұмысқа шақыртқан кезде ұсынысты қабыл алғанын айтады.

 

Өңірдің дамуына өздерінің еңбегімен сүбелі үлестерін қосып, туған өлкенің игілігі жолында адал қызмет етіп жүрген ел ағаларына білім берген өнегелі ұстаздың қандай құрметке де лайық екені сөзсіз. Барша ұстаздар қауымының жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі ерен еңбегі елеулі болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему