Улы газдан уланды
15 Января 2018 (09:19) | 2098 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылы қаңтардың 6 – сы күні Жаңаөзен қаласында улы газен уланудан бір адам қаза тапты. Төрт адам зардап шекті. Зардап шеккендер қазір Жаңаөзен қаласының жан сақтау бөлімінде жағдайлары өте ауыр халде жатыр.
Осыған байланысты Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерелері «Ақтау тұрғын үй» КММ бірлесіп Рауан елді мекенінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үй секторында улы газбен уланудың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Көбінесе улы газбен улану жағдайы газ құралдарын және жылыту пештерін пайдалану кезіндегі, адамның денсаулығы мен өмірін сақтап қалатын қарапайым сақтық ережелерінің бұзылуынан болады. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін халыққа түсіндіру мақсатында, басқарманың қызметкерлерімен 215 адамды қамтыған, 3 аула аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратылды.
Бұл туралы Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.
Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему