Ақтаулық қос дзюдошы республикалық жастар спорттық ойындарының чемпионы
22 Мая 2017 (21:50) | 3642 |
Автор: Нурганым Имашева
Дзюдо спортынан ҚР-ның ІV жастар спорттық ойындары аяқталды. Тараз қаласында өткен байрақты бәсекеде маңғыстаулық балуандар - облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары мықтылар қатарынан көрінді.
66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан мен 63 келі салмақта Ақниет Тұрдан алтын медальды иеленіп, чемпион атағын жеңіп алса, 60 келі салмақта Рамазан Мамаев күміс жүлдегер атанды. Жарысқа балуандарды дайындаған белгілі бапкерлер Талғат Есекенов пен Жомарт Қоблановтың шәкірттері жаттықтырушыларының үміттерін ақтап, аймақ абыройын асқақтатты.
-Жалпы, жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 250-ге жуық дзюдошы қатысты. Жарыс 19-21 мамыр аралығында Тараз төрінде өтті.
Спорт сайысына 10 шәкіртімді апарған болатынмын. Оның ішінде үшеуі жүлделі орыннан көрінді,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобланов.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему