Ақтаудағы мектеп күн станциясын іске қосты
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 16:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы мектеп күн станциясын іске қосты

7 Сентября 2019 (10:17) | 1871 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды.

 

 

Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты.

 

Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді.

 

Күн станцияларының іске қосу құрметі «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Эйден Мерфи мен білім ордасындағы 12-сынып оқушысы, көптеген республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпазы Ғаламмадин Асқарға бұйырды.

 

 

- Зияткерлік мектептерде екінші жыл жүзеге асырылатын «Мектептерге күн энергиясы» жобасы біз үшін басымдық болып табылады. Бұл STEM-білім беруді енгізу үшін және ең бастысы, оқушыларымыздың экологиялық мәдениетін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу үшін табысты жоба.

 

Бүгінде орнатылған күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын шамамен төрттен бір бөлікке төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш, - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова салтанатты шара барысында.

 

 

«Мектептерге күн энергиясы» - «Шелл» әлемдік мұнай-газ брендінің пилоттық жобасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» форумында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа таныстырылған болатын.

 

Жоба Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлескен меморандумы аясында жүзеге асып отыр.

 

 

«Шелл» компаниясынан ең алғашқы күн энергиясын 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алған болатын. Мұнда 100 Квт/сағ қуаты бар фотоэлектрлі панельдері орнатылған көлік тұрағы салынды. Биылғы жылы Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станциялары орнатылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему