Маңғыстаулық өрт сөндірушілер облыстық чемпионатта жүлделі орындарды иеленді
22 Апреля 2019 (09:09) | 1600 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» (ӨСжАҚЖҚ) мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
"Маңғыстау Арена" спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының еңбек ұжымдары арасында тесттерді сынау түрлері бойынша облыстық чемпионат өтті.
Жарыстарды дайындау мен өткізу бойынша жалпы басшылықты Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі Маңғыстау облысы Президенттік көпсайыс және Президенттік тест бойынша Федерациясымен бірлесіп жүзеге асырды.
- Жарыс бағдарламасына 100 және 1000 метрге жүгіру, орыннан секіру, созылып еңкею, тартылу жаттығулары кірді. Жарысқа 48 адам қатысты.
Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді, бірінші орынды "Nike" ұйымының өкілі – Иван Кравченко, екінші орынды №13-МӨСБ радиотелефоншысы, азаматтық қорғау сержанты Айбек Хибатов жеңіп алды, үшінші орынды №8-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Баққали Ниязғалиев иеленді.
Жеңімпаздар мадақтамалармен және медальдармен марапатталды,- деп мәлімдейді ӨСжАҚЖҚ баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему