Биыл Маңғыстау облысындағы 12 ауылды дамытуға республикалық бюджеттен  қаражат бөлінді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстау облысындағы 12 ауылды дамытуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді

28 Февраля 2022 (11:18) | 3077 | Автор: Редакция

“Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында 2022 жылы республикалық бюджеттен 18 жобаны іске асыру үшін 5,4 млрд.теңге қаражат қарастырылды және 12 ауыл қамтылды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Айнұр Ертілиева хабарлады.

 

Сурет: frantsouzov.livejournal.com

 -18 жобаның ішінде 11-і әлеуметтік салаларға, қалғаны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және көліктік инфрақұрылым объектілеріне бағытталды. Атап, айтсақ: Жыңғылды, Баутино, Боранқұл, Теңге, Бейнеу, Өмірзақ ауылдарында 6 спорт зал,  С.Шапағатов ауылында мәдениет үйі,      Бейнеу ауылындағы Күйкен, Атамекен мектептеріне, Ақшұқыр ауылдағы М.Әбдіхалықов атындағы мектепке 3 қосымша жапсарма құрылысы, Рахат ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Ал,  Мұнайлы ауданындағы Адай автобазасынан Баянды ауылына дейінгі автомобиль жолына көше жарықтарын салу, Бейнеу ауылында жоғары кернеулі ұяшықтар құрылысы 1, 2 аймақтарға орнату көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Жыңғылды, Өмірзақ, Ақжігіт, Құрық ауылдарында ауылішілік автомобиль жолдары құрылысы басталады деп күтілуде,-деді Айнұр Ертілиева.

 Сондай-ақ, тағы 9 ауылда 7 әлеуметтік  жобаны іске асыру үшін қосымша 2,9 млрд.теңгені құрайтын бюджеттік өтінім Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Олар Қызылсай, Рахат ауылындарында 2 спорт зал құрылысы, Құланды ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы, Шетпе, Баутино ауылдарында 2 мектепке жапсарма құрылысы, Дәулет, Атамекен ауылдарында 2 ауылдық клубтың құрылысы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему