Майдангерге облыс прокурорының араласуымен үй берілді
8 Июля 2017 (17:37) | 1811 | Автор: Мира Ботабекова
Ұлы Отан соғысы ардагеріне екі бөлмелі пәтердің кілтін облыс прокуроры Дастан Сартаев тапсырды. Бұл туралы "Хабар24" телеарнасы хабарлайды. БиылғыЖеңісмерекесіндеөңірдегіқадағалаушыорганжетекшісіақсақалдықұттықтайбарып, тұрмысжағдайыментанысқанеді. Әңгіме үстінде 91 жастағы атайдың әлі күнге дейін мемлекеттен баспана алмағанын естіп, заң шеңберінде көмектесуге уәде береді.
Мәселезерттелекелеқалаәкімдігіқызметкерлерінің 2012 жылыкейбірқұжаттардааты-жөнідұрысжазылмауынабайланыстымайдангерөтінішінқабылдамағаныанықталады. Осыдан соң қала іргесіндегі ауылда тұратын қарияның қағаздарын қысқа мерзімде реттеп, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға қол ұшын береді. Елорда күнінде баспана мұңынан арылуына атсалысқан прокуратура мамандарына қариялар дән риза.
ШархатБегімқұлова, Д.Қожановтыңжұбайы:
- Бәріңізгедеалғысайтамыз, қарақтарым. Осындай үй беріп, бізді марапаттап жатқандарыңызға көп-көп рақмет. Бірінші рет алып отырған үйіміз, құрметіміз. Үлкен адамға жақсылық қой.
Дастан Сартаев, Маңғыстау облысының прокуроры:
- Заң түрінде біз қарадық. Шынында да, бес жылдан кейін бұл кісіге пәтер беруге заң түрінде мүмкіншілік бар екен. Облыс әкімі шұғыл осы мәселені қарап, екі айға жетпей мәселені шешті. Бүгін жақсы, сәтті күн болып жатыр. Ағамыздың үйіне келіп, екі бөлмелі пәтерді әкімшіліктің атынан тапсырдық. Жаңа үйіне кіріп шықтық, ағамыздың қуанышында шек жоқ.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему