Ақтаулық оқушы Германиядағы Джейкобс университетінде тегін білім алуға шақырту алды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 07:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушы Германиядағы Джейкобс университетінде тегін білім алуға шақырту алды

27 Января 2022 (17:14) | 1108 | Автор: Редакция

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-снып оқушысы Бейбарыс Орынбасар Германиядағы Джейкобс университетінде (Jacobs University) тегін оқуға шақырту алды.

Университет мұндай білім грантын оқушының білім саласындағы жетістіктері мен ерекше дағдылары үшін берген. Бейбарыс аталған жоғары оқу орнында электр және компьютер инженериясы мамандығы бойынша мамандана алады.

- Бейбарысқа бұл университетте ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі берілді. Тек неміс тілінде берілетін білім гранттарының қасында бұл үлкен жетістік деп санаймыз. Болашағынан көп үміт күттіретін зияткердің көрсеткіштері өте жоғары. Мәселен, ағылшын тілінің халықаралық емтиханы IELTS-қа өздігіyен дайындалып, 7.5 балл жинады, - дейді мектептегі кәсіби бағдар жөніндегі кеңесші Асел Исмаханбетова.

Бейбарыс Орынбасар – Ақтаудағы зияткерлік мектептегі үздік оқушылардың бірі. Бірнеше халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегері. Сонымен қатар, жеңіл атлетикадан да үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

- Университетке құжат тапсыру үшін ең алдымен халықаралық деңгейде қажетті емтихандарды тапсырып, жоғары балл жинауға жұмыстандым. Бұл тұрғыда ұстаздарымның көмегі шексіз. Сондай-ақ, университетте оқуға лайықты студент екеніңді дәлелдейтін мотивациялық хат, эсселерді ағылшын тілінде жазып тапсырдым. Менің ойымша, грант тағайындау мәселесінде менің олимпиада мен жарыстардағы жетістіктерім шешуші рөл ойнады деп ойлаймын, - дейді Бейбарыс.

Зияткер  әлі де жоғары оқу орындарында бағын сынап көрмек. Сол үшін де қызу дайындық үстінде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему