Парламент депутаттарымен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Парламент депутаттарымен кездесу өтті

19 Мая 2018 (19:16) | 1796 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары  Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Ержан Құдайбергенмен кездесті»,-деп хабарлайды біздің басылымға Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі.

 

 

Маңғыстау облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық  істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен келді.

 

Іссапар көшпелі отырыс аясында өтті. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне құрамында Қазақстан Республикасы Парламент  Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Ержан Құдайберген бар делегация келді.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының өзектілігін атап өтті. Кездесудің басты тақырыбы - Елбасының Жолдауындағы басты бағыттардың бірі ретінде анықталған - цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуді заңды тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері болды.

 

-Сіздер білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, бүгінде  әлеуметтік модернизация жолында жаңа қадам жасауға дайын екендігімізді және 5 президенттік әлеуметтік бастаманы ұсынғандығын айтып өтті.

 

 Бірінші бастама – бұл әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері. Қазіргі кезге дейін көптеген отбасыларың өз баспаналары жоқ. Бұл айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру, оны шешу үшін барлық жағдайларды жасау қажет,- деп атап өтті Бақытжан Ертаев.

 

 

 Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін, жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып берді.

 

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Тимерденов ақпараттық және маңызды кездесуі үшін Бақытжан Ертаев пен Ержан Құдайбергенге алғысын білдірді.

 

- Біз үшін Сіздермен кездесіп, әлеуметтік мүмкіндіктер туралы мәселелерді талқылау - үлкен құрмет деп қараймыз. Полиция қызметкерлері қызметтің қиындықтарына қарамастан, халықтың игілігі үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Техникалық базаны жетілдіру мақсатында жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты  аймақтағы криминогендік жағдай айтарлықтай жақсарды,-деді облыстық ІІДепартаментінің бастығы.

 

 

Сонымен қатар, басшы Қазақстан халқына адал қызмет еткен азамат - - «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаевтың  полиция қызметкерлері үшін үлгі болатын лайықты жан  екенін атап өтті.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему