Мемлекеттік тілді меңгеру – бірінші талап
27 Мая 2018 (15:17) | 2808 | Автор: Нурганым Имашева
Әр азамат мемлекеттік қызметке кірер алдында бірінші талаптың бірі – мемлекеттік тілді білу керектігін жақсы біледі. Мемлекеттік қызметке конкурс жарияланып тест өткен кезде мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша логикалық тест өткізіледі, бұл, біріншіден, қызметкердің жұмысқа қабылданар алдындағы мемлекеттік тілді білуін тексеру болып табылады. Әрине, бұл талап бәрімізге де қатысты, біріншіден, мемлекетіміздің абыройы жоғарылайды; екіншіден, өз тілін құрметтеу кісіге бедел де әкеледі.
Дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттерге қарасақ, олардың басты саяси тұрақтылығы осы мемлекеттік тілдің мемлекет тарапынан күшті қолдау жасауы болып табылады, біздің мемлекет те осы бағытты ұстауда, бұл дұрыс қадам әрі келешекте өз жемісін беретін стратегиялық мақсат. Бұған барлығымыз үлес қосуымыз керек.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін мемлекеттік тілді білу бірінші талап болып саналады, барлық құжаттар мен хат алмасу жұмыстары тек мемлекеттік тілде жүргізу міндеттің бірі, соны әр азамат қызметке тұрардың алдында ескеруі қажет.
«2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына сәйкес, тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр. Бұл стратегиялық мақсатты республика бойынша барлық мемлекеттік мекемелер орындауға міндетті, насихаттау жұмыстарынан бастап, нақты қол жеткізген қорытынды беру - біздің басты мұратымыз.
Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу оңай шаруа емес. Қазіргі заман ақпараттандыру- технологиялық дамудың биік шыңдарына жеткен. Әр азаматтың қолында интернеттік ресурсқа кіруге болатын смартфондар бар, соны пайдалана отырып мемлекеттік тілді ғаламтор арқылы әр азаматқа жеткізудің оңтайлы тәсілі ретінде мемлекет тарапынан осы мәселеге көңіл аудару қажет деп ойлаймын, соның ішінде қазақ тілін үйрететін веб-сайттарын көбейту қажет, қазіргі таңда ондай сайттар аз болып отыр.
Осыған байланысты қазіргі таңда республика соттарында қызу жұмыстар жүргізілуде. Ол – қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу бойынша «Қазтест» бағдарламасы. Бұл бағдарламамен сот жүйесінде қызмет атқаратын әр қызметкер өзінің мемлекеттік тілді білу деңгейін көрсетеді. Қазіргі таңда сот жүйесінде мемлекеттік тілді білуге үлкен көңіл бөлінуде, соған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс, яғни, «Қазтест» бағдарламасы әркімнің қазақ тілін білуін тексеріп, оған арнайы базалық білім деңгейін береді.
Ғаламторда мемлекеттік тілдегі ақпараттарды табу кейде қиынға соғады. Өйткені, мемлекеттік тілде жаңа ақпараттар болады, бірақ аз, сол себептен мемлекеттік тілде ақпаратты ғаламторда көбейту керек. Ғаламтор пайдаланушылары жыл сайын көбейіп келеді, сол себептен бір орында тұрмау керек, күн сайын өзгеріп отырған заманға сай мемлекеттік тілді қолдау тәсілдерін де жаңа бағытқа ауыстырып отыру қажеттіктері туындап отыр.
Есеп-қисап, қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті.
Осыдан тоқтамай мемлекеттік тілді одан әрі қолдау жұмыстары жалғаса бермек, бұл – біздің басты мақсатымыз әрі міндетіміз.
Лаура Карибаева
Ақтау қалалық №2 сотының жетекші маманы
Суреттер ZHARAR.com, Baribar.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему