Ақтауда әскерилер шағын футболдан бақ сынасты
14 Декабря 2021 (13:03) | 3592 | Автор: Нурбол Шалабаев
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Ақтау гарнизонындағы Қарулы Күштер құрылымдарының әскери қызметшілер арасында шағын футболдан турнир өткізілді.
Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын дамыту болып табылады.
Спорттық додаға әскери теңіз базасы, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскери бригадасы, әуеге қарсы қорғаныс күштері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, әскери полиция және авиация базасының әскери қызметшілерінен құралған алты команда, 80 әскери қызметші қатысты.
– Мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүрге айналған әскери қызметшілер арасындағы шағын футболдан жарыс тартысты өтті. Барлық командалар өздерінің шеберліктерін көрсетті, бұл жарыстың мақсаты салауатты өмірді насихаттау, – деді авиация базасының командирі полковник Медет Әскетаев.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, екінші орынды авиация базасы, үшінші орынды – теңіз жаяу әскери бригадасы иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему