150-ден астам балаға тегін кеңес берілді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 12:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

150-ден астам балаға тегін кеңес берілді

6 Апреля 2019 (11:18) | 1475 | Автор: Нурганым Имашева

Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні қарсаңында облыстық балалар ауруханасы ашық есік күнін өткізіп, аймақтың кішкентай тұрғындарын тегін қабылдап, денсаулықтарын тексерді. Бұл күні дәрігерлерден тегін кеңес алып, балаларының денсаулығын тексертуге келген ата-аналардың да қарасы қалың. Үш сағаттың ішінде педиатр, хирург, травматолог, нейрохирург, эндокринолог, кардиолог, невропатолог, инфекционист және неонатолог мамандарына 156 бала қаралды.

 

 

-Дүниежүзілік денсаулықты қорғау күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен он күндік жарияланған болатын. Сол он күндік аясында бүгін ауруханамызда ашық есік күні ұйымдастырылды. Облысымыздағы кішкентай бүлдіршіндер үшін осымен екінші рет ашық есік күнін өткізіп отырмыз. Бұған дейін алғыс айту күніне орай ашық есік күні өтті. Ол кезде дәрігерлеріміз 123 баланы қарап, тегін кеңес берген болатын. Ал, бүгінгі шарада 156 бүлдіршін қаралды. Олар Ақтау қаласының тұрғындары мен қалаға жақын елді-мекендерден келгендер,-дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Мереке Бекбаев.

 

 

Ашық есік күнінің қорытындысында кардиологқа-15, педиатрға-10, хирургқа-30, нейрохирургқа-1, нефрологқа-7, неонатологқа-5, травматологқа-22, лорға-24, неврологқа-24, эндокринологқа-11 және инфекционистке-7 бала қаралып, денсаулықтарын тексерді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему