Ем дарытқан «Еркемед»
10 Декабря 2021 (14:22) | 3338 | Автор: Редакция
«Еркемед» ЖШС емханасы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек түрінде, тіркелген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп келеді.
Емхана халықтың денсаулығын нығайтуды мақсат етіп, емделушілер үшін қолайлы жағдай жасауда. Медициналық көмектің жоғары қолжетімділігі мен сапасын көрсетуді өз міндетті санайды. Осы мақсатта «Еркемед» 2021 жылы 2 экспресс класстағы УЗИ аппарат, биохимиялық және ИФА анализдер жасайтын анализатор, цифрлы рентген құрылғысы алынды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша құны қымбат медициналық қызметтер: 2021 жылы компьютерлік томография (КТ)- 220, магнитті резонансты томография (МРТ)-194, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) аппаратарына медициналық көрсетілімдеріне қарай 1701 пациент тегін түрде жолдама алып, тексерілді.
2021 жылы емханада медициналық оңалту орталығы кеңейтілді. Бұл,орталық емдік дене-шынықтыру, тракция,увч, аппараттық лимфодренаж, вибромассаж, уфо, физиотерапия, массаж және т.б оңалту қызмет түрлерін көрсетеді. Оңалту орталықты барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталық облыс,қала көлемінде науқастарды қабылдайды. Осы күнге дейін оңалту орталығынан 1600-ға жуық науқас ем қабылдады. Сонымен қатар дәстүрлі ем инемен емдеу қызметінде көрсетеді.
Емхана 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген халық саны-7232-ні құраса, қазіргі уақытта – 12397 тұрғын қамтылып, 2020 жылмен салыстырғанда халық саны 57,6 пайызға өсіп отыр. Емхана құрамында 8 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 акушерлік-гинекологиялық учаскелер бар. Еркемед емханасы қаладағы барлық шағынаудандар тұрғындарына қызмет көрсететін бірден бір емхана.
2021 жылы емханамызға күндізгі стационар бөлімінің дәрігері, акушер-гинеколог, балалар және ересектер неврологы, онколог, маммолог, пульмонолог, УДЗ гинеколог, лаборант дәрігерлері қосылды. Сонымен қатар жылдың басында Алматы қаласынан арнайы дерматовенеролог дәрігер шақыртылып, жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта емханада 75 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде 35 дәрігер, 30 орта медициналық қызметкер.
Денсаулық сақтауды цифрландыру және құжат айналымын енгізу шеңберінде Еркемед емханасы 100% компьютерлік техникамен жабдықталған, Емханада мобильді қосымшасы және пайдаланушының жеке кабинеті бар кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілген, медициналық құжаттама электрондық форматқа ауыстырылған.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына мүше болды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему