Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді
Курс валют в Актау
на 03/04/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Апреля, 09:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

24 Марта 2026 (11:47) | 1 | Автор: Редакция

Наурызнаманың соңғы күні – Тазару күні Қарулы күштердің әскери қызметшілері ағаш отырғызу, аумақты тазалау және абаттандыру акцияларын өткізді.

Шымкент гарнизонындағы 10216 әскери бөлімінің жеке құрамы экологиялық акция өткізді. Әскери қызметшілер ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

– Тазару күні – Наурызнаманың соңғы кезеңі ғана емес, таза оймен және әлемді жақсартуға деген ниетпен жаңа жылды бастау болып табылады, – деді бөлім командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев.

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде әскери қызметшілердің, оқытушылар және тәрбиеленушілердің қатысуымен экологиялық акция өтті. Оқу орнының жеке құрамы аумақты ретке келтіріп, оқуға және демалуға ыңғайлы әрі қолайлы орта жасады.

Бұл күні Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған бригада шабуылдау батальонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен сарбаздары, әскери бөлім аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске атсалысты. Бұл шара әскери ұжымдағы бірлік рухын нығайтуға септігін тигізді.

Экологиялық бастаманы Жетісу гарнизоны да белсенді қолдады. 18386 әскери бөлімі әскери қызметшілері ұлттық киімде көшет отырғызып, дәстүр мен табиғатты қорғау арасындағы үйлесімділікті көрсетті.

Тазару күні өткен осындай игі істер қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын білдіреді, патриоттық құндылықтарды нығайтады және туған жерге деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему