Шекара катерлерін суға түсіру туралы
16 Июня 2021 (11:48) | 1619 | Автор: Редакция
2021 жылғы 15 маусымда БҚО Орал қ. «Зенит» Орал зауыты» АҚ жасаған «Исатай» және «Махамбет» атты екі шекара катерін салтанатты түрде суға түсіру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі.
Ғ.Н. Есқалиев, әлеуетті ведомстволардың басшылығы, «Зенит» зауытының ұжымы, кеменің жеке құрамы, сондай-ақ Орал қаласының тұрғындары қатысты.
«Зениттің» басты жобалары болып табылатын «Исатай» және «Махамбет» шекара катерлері Қазақстан Республикасының аумақтық сулары мен континентальдық қайраңын қорғап, күзетуге арналған. Олар жылдамдық, басқарылу, өтімділік, жүзу қашықтығы, дербестігі, экипаждың өмір сүру жағдайлары сияқты теңізде жүзу ерекшеліктері бойынша қажетті сипаттамаларға ие.
ҰҚК ШҚ Шекара күзеті департаменті бастығының орынбасары бірінші дәрежелі капитан С. Хайдаров өз сөзінде осы типтегі катерлердің шекара күзетін қамтамасыз етудегі жоғары тиімділігін атап өтіп, теңіз шекарашыларына қызметтік-жауынгерлік әрекетте жоғары нәтижелер тіледі.
КНБ РК
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему