Баяндыда 2,3 шақырым ауылішілік жолға асфальт төселді
10 Ноября 2021 (16:10) | 2503 |
Автор: Редакция
Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының ішкі жолына 2,3 шақырым асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Баянды ауылының әкімі Дастан Мұраталиев мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір ауылішілік жол қолданысқа берілді. Жоба құны 89 млн. теңге. Құрылысты «Ақжол-құрылыс» ЖШС жүргізген.
«Баянды ауылының Баянды 2 және 3 тұрғын массивіндегі №3 орта мектепке кіріс жолына асфальт төселді. Бұл біраз уақыттан бері тұрғындар сұрап жүрген жол болатын. Баянды ауылында қосымша тұрғын аудандары қосылғандықтан ауылішілік асфальт жолы өзекті мәселеге айналып отыр. Алдағы уақытта тағы 2,7 шақырым жолға асфальт төсейміз. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда», - деді Дастан Мұраталиев.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему