Маңғыстаулық тәртіп сақшыларына мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшыларына мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті түсіндірілді

5 Июня 2018 (09:48) | 3728 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде мемлекеттік тілді оқыту сабағында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне» арналған «Елімнің рәміздері – Егемендігіміздің айғағы» атты шарасы өткізілді.

 

 

Сабақ басталмас бұрын  тіл үйренуші қызметкерлер Мемлекеттік Гимнді шырқады,- деп хабарлайды біздің басылымға жолдаған ақпаратында Маңғыстау облысы ІІ Департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

 

Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері Нәубет Ардақхан «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай ұйымдастырылған сабақта Мемлекеттік рәміздердің – мемлекеттің нышаны екенін айта келіп, қастерлі символдар елдің әрбір азаматын қазақстандық патриотизмге, ынтымақ-бірлікке үндейтінін атап көрсетті.

 

- 1992 жылы 4 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленгені белгілі. Содан бері ол – мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне айналған ұғым. Елбасы айтып өткеніндей, «Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер».

 

Халық арасында танымал, 1956 жылы жазылған «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әнді жаңа заман сұранысына орай Елбасы толықтырды, сонымен әннің рухтық сипаты арта түсті. Алтын алқа таққан спортшыларымыз әлемдік жарыстарда осы бір рухты ән шырқалғанда мерейі үстем болды,-деді ол.

 

Сабақтың екінші бөлімін қазақ тілі мұғалімі Ж.Бекенова жалғастырды.

 

Алдымен ол Елтаңба мен Тудың, Гимннің мағынасына кеңінен тоқталды.  Мемлекеттік рәміздерді тәуелсіздік ұғымымен байланыстыра отырып, Тудың көгілдір түсі бейбітшілікті, ынтымақ пен бірлікті білдіретінін, сонымен қатар Елтаңбамыздың  айшықты белгісінің үлкен мағынасы бар екендігін әңгімелеп берді.

 

 

Қатысушылар тәуелсіздік сөзінің мағынасын өз түсініктерімен жеткізді. Тәуелсіздік тақырыбына сөзжұмбақ ұйымдастырылып, тіл үйренушілердің  ұлттық құндылықтарымызды білуге деген құштарлығы арта түсті. Әсіресе әрбір Қазақстан азаматының Мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес пайдалану қажеттігі және оған немқұрайлы қарамау керектігі атап айтылды. Шара барысында қызметкерлер Мемлекеттік рәміздердің құндылығын, оның авторларының еңбек жолдары туралы үлкен мағлұмат алды.

 

- Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Бұл сабақтың ішкі органдар қызметкерлеріне берер тағылымы зор болды.

 

Шараға қатысушылар ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін одан әрі байыта түсті, - дейді Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері Нәубет Ардақхан .

 

Суреттер «Казахстанская правда», akm.sud.kz, Актау Бизнес сайттарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему