Мұнайшы ауылында алғаш рет жедел жәрдем қызметі іске қосылды
7 Ноября 2021 (17:21) | 2167 | Автор: Редакция
Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында жедел жәрдем қызметі жұмысын бастады. Бұл туралы Мұнайшы ауылының әкімі Болат Бекмұрзаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Мұнайшы ауылында 6 мыңнан астам тұрғын бар. Осы күнге дейін Мұнайшы мен оған қарасты станция Жетібай елді мекеніне Жетібай ауылындағы жедел жәрдем қызмет көрсетіп келді.
«Енді бұл мәселе шешімін тапты. Жаңадан ашылған жедел жәрдем қызметіне ауылдың орталығында ғимарат берілді. Оған арнайы автокөлік, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер бөлінген. Енді тұрғындарға тәуліктік кезекпен 3 топ қызмет көрсетеді. Әр топта 1 фельдшер, 1 диспетчер және 1 жүргізуші бар», - деді Болат Бекмұрзаев.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему