Айқын бағытта істі жалғастырамыз!
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Айқын бағытта істі жалғастырамыз!

31 Июля 2019 (10:21) | 1705 | Автор: Нурганым Имашева

Сот жүйесіндегі реформаларды мінсіз жүзеге асыру – бірінші кезекті жалпыұлттық міндет, соның ішінде судьялар мен сот қызметкерлеріне қойылатын тікелей талап. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселесі биліктің күн тәртібінен түскен емес. Біз, судьялар заңның үстемдігін, әділдік пен баршаның заң алдындағы теңдігін сақтауды, осылайша гүлденген мемлекеттің негізін қалауды мақсат етеміз.

 

 

Бүгінде судьялық лауазымдарға кандидаттарға қойылар біліктілік талаптары барынша қатаңдатылып, мемлекет атынан төрелік айтушыларза зор міндеттер қойылуда. Судьялардың біліктілігі үшін жаңа ережелер бекітіліп, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді, бес сатылы сот жүйесі үш сатылы сот жүйесіне көшіп, әр сот сатысының жауапкершілігі мен құзіреті артты. Сот ашықтығы мен жариялылығына баса назар аударылып, көпшіліктің ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

 

Сот билігі – әділдікті жүзеге асыратын және мемлекет атынан шешім шығаратын мемлекеттік биліктің бір тармағы. Кез келген дауға сот соңғы нүктесін қояды. Демек, ол заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты әрекет етуі керек.

 

Халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін сот төрелігінің үш буынды жүйесі сот шешімдерінің жылдам күшіне енуіне мүмкіндік беруде. Өз кезегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың рөлі күшейтілген.

 

 

Біз бүгінгі күні жаңа жүйемен жұмыс жүргізу арқылы бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, істердің барлық сатылардан өту уақыты 8 айға дейін қысқарып, қысқартылған сотқа дейінгі тәртіпте қаралған қылмыстық, азаматтық істер саны мен келісілген іс жүргізулер көбейді.

 

Сот жүйесіндегі реформалардың жүзеге асуы арқылы біз бірнеше халықаралық рейтингтерде маңызды көрсеткіштерге қол жеткіздік. Халықаралық рейтингіде дәрежеміздің өсуі елде жүргізіліп жатқан дұрыс саясаттың көрінісі әрі жемісі. Біз осы айқындалған бағытта іс жүргізуді жалғастыратын болсақ, тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, алдағы онжылдықта өркендеген елге айналарымыз анық.

 

Жаңылхан Жүсіпова,

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 

Суреттер Kazinform, Kp.kz cайттарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему