Маңғыстау облысында мұнайгаз өнеркәсібіне арналған құбырлар дайындайтын зауыт ашылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында мұнайгаз өнеркәсібіне арналған құбырлар дайындайтын зауыт ашылды

1 Ноября 2021 (13:52) | 888 | Автор: Редакция

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен мұнайгаз кенішіне арналған құбыр дайындайтын зауыт ашылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл еліміздегі диаметрі (530 мм дейін) кіші болат құбырларын сыртқы және ішкі коррозияға қарсы қоспамен қаптап, құбыр әзірлейтін алғашқы зауыт. Кәсіпорын жылына мұнайгаз өнеркәсібіне қажетті 700 шақырымға жуық құбыр өндірмек. Мұнда соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен құбырларға ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары жүргізіледі.

«Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС директоры Мырзабай Оңдағанның айтуынша, инвестициялық жобаның құны 5 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмысшылар арнайы даярлықтан өткен.

- Елбасы бағдарламалық құжаттарда жергілікті қамтуды дамытудың қажеттілігін бірнеше рет көрсетті. Ел Президенті де бізге осындай міндет қойып отыр. Біз өңірдің мұнайгаз саласындағы жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Мұндай зауыттардың ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек,-деді Нұрлан Ноғаев.

Салтанатты рәсімге өңір ақсақалдары, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары және т. б. қатысты.

--

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему