Студенттер Ақтау қаласының №2 сотының жұмысымен танысты
13 Июня 2017 (09:59) | 2827 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық айлығы аясында Ақтау қаласының №2 сотында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьялары Е.Бегенов және Д.Кеншимова болашақ заңгерлерге Қазақстан Республикасының сот жүйесі, оның ішінде Ақтау қаласының №2 сотының ерекшелігі туралы айтып түсіндірілді. Сондай-ақ, олар қолданыстағы процессуалдық кодекстерге енгізілген өзгертулерге, жаңа қабылданған Судьялық әдеп кодексінің нормаларына тоқталды.
Студенттер соттың ғимаратын аралап, кеңсе қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, оларға кодификация кабинеттері, мәжіліс залдары мен мұрағат көрсетілді.
Болашақ заңгерлерге танымдық ақпараттан бөлек, бір сәтке сот мәжілісіне қатысу мүмкіндігіде берілді.
Шара соңында судьялар болашақ заң ғылымы мамандарына ақ тілектерін білдірді. Ал, ұстаздар мен студенттер тарапынан мұндай іс-шараларды өткізудің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды екендігі айтылды. Қайнар: Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему