Жаңаөзенде киокушинкай каратэ-додан ІІ республикалық ашық турнир өтті
30 Октября 2021 (15:18) | 1297 | Автор: Редакция
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында киокушинкай каратэ-додан ІІ республикалық ашық турнир өтті. Жарыс балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирге Нұр-Сұлтан қаласынан және Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген командалар қатысты. Нәтижесінде І орынды Маңғыстау облысы иеленсе, ІІ орын Атырау облысына, ІІІ орын Шығыс Қазақстан облысына берілді. Қызылсай ауылының № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Аманқан Қыдыржан «Ең үздік спортшы» атанды. Ал, № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Нұрқожа Құлатаев «Ең үздік техника» марапатына, Атырау қаласының киокушинкай каратэ-додан жаттықтырушысы Аслан Дүйсенбай «Ең үздік төреші» атағына ие болды.
«Турнирдің басты мақсаты - жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихатттап , киокушинкай каратэ-доны дамыту. Мұндай додалар жастардың спорттық шеберлігін шыңдауда үлкен әсер етіп, еліміздегі мықты спортшыларды анықтауға көмектеседі», - деді Жаңаөзен қалалық киокушинкай каратэ-до федерациясының директоры Алдаберген Дүйсекенов.
Айта кетейік, қараша айында Польша Республикасы Краков қаласында киокушинкай каратэ-додан әлем чемпионаты өтеді. Онда Жаңаөзен қаласы № 1 және Қызылсай ауылы № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бақ сынайтын болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему