Қарақия ауданында 330 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақия ауданында 330 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

14 Марта 2022 (12:48) | 1404 | Автор: Редакция

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков хабарлады.

 

-Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағытында жыл басынан аз қамтылған 330 отбасына (1894 адам) 161,3 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде 108 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Сондай-ақ, олардың 1-6 жасқа дейінгі 431 баласына 21,5 млн теңге көлемінде кепілдендірілен әлеуметтік топтама берілді. Аз қамтылған 104 отбасыға жылына бір реттік әлеуметтік көмек ретінде 5,6 млн. теңге жұмсалды.

Асыраушысынан айырылған 340 балаға 14,9 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді,- деді Қыдырберді Беков.

 Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен мүгедек балаларды емдеу-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығында» - 12 азамат сауықтыру емін алса, санаториялық-курорттық сауықтыру орнына 235 адам демалып келген.

 Туберкулез ауруына шалдыққан 29 адамға 3,5 млн. теңге, онкологиямен ауыратын 64 адамға 4,9 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Аудан әкімінің гранты бойынша әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын осал топтарға жататын отбасының жоғарғы оқу орнында оқып жатқан 20 студенттің шәкіртақысына 1,5 млн теңге жұмсалды. Әлеуметтік саладағы 2120 қызметкерге 25,6 млн теңге көлемінде отынпұл көмегі берілді.

 «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша 173,3 млн теңге бөлініп, 39 маман тұрғын үй сатып алды. 70 маманға біржолғы көтерме жәрдемақыға 20,4 млн теңге берілді. Аз қамтылған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға тұрғын үй көмегін төлеу бағытында өткен жылы 3 отбасыға (12 мың теңгеден) көмек берілген.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему