«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры тағайындалды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры тағайындалды

24 Октября 2021 (14:39) | 2277 | Автор: Редакция

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Дәулетжан Хасанов тағайындалды.

 

 

Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов 1971 жылы 21 қазанда дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын бас есепші ретінде бастаған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Әр жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «Қаражанбасмұнай» АҚ жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры болып тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

Ұжымның жаңа басшысын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев таныстырды. Ол өз сөзінде соңғы үш жылда компания сыртқы келеңсіз факторлардың ықпалына қарамастан, негізгі өндірістік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп, үздіксіз дамуын жалғастырғанын айтты. Айталық, өткен жылы өндіру жоспары артығымен орындалып, 5,9 млн тоннаны құрады.

Бұдан бөлек Компанияның бұрынғы басшылығының COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес бойынша ауқымды жұмыс атқарғаны да аталып өтті. Қызметкерлер арасында вакцинация науқаны лайықты деңгейде жүзеге асырылып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жағдай жасалды.

Ендігі кезекте жаңа басшылыққа жауапты міндеттер жүктелуде. Мұнай және газ өндірудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді жалғастыру, компанияның тиімділігін арттыру, сондай-ақ 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ барша қызметкеріне оңтайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет.

Айта кетейік, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акционерлері келісімінің ережелеріне сәйкес жоғарғы буын және құрылымдық бөлімшілер басшыларын тағайындау құқығы 3 жыл сайын кезекпен ауыстырып тұру қарастырылған. Компанияның бұрынғы Бас директоры Лю Цзиньчэн 2018 жылдың қараша айында тағайындалған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему