Ұлттық халық санағы 30 қазанға дейін жалғасады
24 Октября 2021 (13:53) | 1672 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева айтты.
Оның айтуынша, оффлайн санақ 30 қазанға дейін жалғасады. Биыл санақ алғаш рет цифрлық технологиялардың көмегімен жүзеге асып жатыр.
«Онлайн режимде санақтан өткендерге үйді аралау барысында интервьюерлерге өткендігі туралы хабарлама көрсету қажет. 45 күн ішінде азаматтар үйден шықпай-ақ санақ сауалнамаларын толтыра алды. Ол үшін арнайы sanaq.gov.kz сайты жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, санақ 30 қазанға дейін жалғасады», - деді Римма Утюшева.
20 қазандағы жағдайға сәйкес, онлайн және оффлайн санақ қорытындысы бойынша Маңғыстау ауданында халықтың 90,9% - ы ұлттық санақ сұрақтарына жауап берді. Ал Бейнеу ауданында халықтың 77,5% - ы тіркеуден өткен. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында нәтиже 50 пайызға жетпеген.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему