Өртсөндіру қызметі «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясын ұйымдастырды
16 Апреля 2018 (19:14) | 1911 |
Автор: Нурганым Имашева
Кез-келген қызметтің қауіпсіздігі мәселелерін адамзаттың өзекті мәселесіне жатқызуға болады, сондықтан балалық шақтан бастап-ақ қауіпсіз тәртіп дағдыларын қалыптастырған маңызды.
Өрт сөндірушілерді кәсіби даярлау мектебінің бастығы азаматтық қорғау майоры Айтмұханов Қанат № 1 орта мектебінің 4«Б» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Ирина Борисовна Нечаевамен және ата-аналарымен бірге «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясының аясында Өрт сөндіру қызметінің мұражайында экскурсия өткізді.
Орталықтың экспозициялары балаларды өрт сөндіру қызметінің тарихымен, өрт сөндіру техникаларының даму жолдарымен, өрт сөндіру бөлімшелерінің әр түрлі мезгілдегі жауынгерлік жұмысымен таныстыруға мүмкіндік берді. Өртті сөндіруге арналған құралдар мен жабдықтар балаларды да, ересектерді де тәнті етті.
Айтмұханов Қанат балаларға өрт сөндіру қызметінің мұражайында ғажайыпқа толы экскурсия өткізді, өрт сөндірушілер балаларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, қорғау жарақтарын және жеке өрт сөндіру жабдықтарын көрсетті, сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшесінің күнделікті қызметі туралы айтып берді.
Өрт сөндіру қызметі мұражайындағы экскурсия тек қызықтырып қана қоймай, сондай-ақ пайдасын тигізеді. Экскурсияның арқасында балалар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілі жөнінде, сауда ойын-сауық орталығындағы, орта мектептердегі және адамдардың көп шоғырланатын нысандарындағы тәртіп ережелері жайында білді.
Ұл балалар қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің жабдықтауында тұрған өрт сөндіру автокөліктеріне ерекше қызығушылық танытты. Экскурсияның жарқын аяқталуы шегінде балақайларға өрт сөндіру көліктерінің кабинасында отыруға, рөлді бұруға және армандауға мүмкіндік туды.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Зарегистрируйтесь или войдите в систему