Маңғыстаулық 76 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
14 Июня 2017 (09:48) | 1622 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы прокуратурасымен 2015-2016 жылдар арасында мемлекеттік органдарының мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап арыздары негізінде қаралған сот актілеріне талдау жасалды.
-Талдаумен анықталғаны, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу дерегі белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктіріп сотқа бергендіктен, мемлекеттік мекемелердің талап арыздары сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды.
Талдау нәтижесімен, мемлекеттік органдардың лауазымыды тұлғаларына қатысты әкімшілік жауапкершіліктерін шешу мақсатында, Маңғыстау облысының ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді.
Қарау нәтижесімен, 76 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5,5 млн. тенгеден астам айыппұл салынды.,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему