Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир өтеді
9 Августа 2017 (18:44) | 1830 |
Автор: Нурганым Имашева
Аймақта 10-12 тамыз аралығында самбодан ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Құрмет орденінің иегері Мерейғалы Көшкіновтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир жалауын желбіретеді. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 300-ге жуық 1997-1998 жылы туған балуандар қатысады деп күтілуде.
-10 тамыз күні барлық салмақ бойынша жеребе тасталып, жарысқа қатысатын спортшылардың салмағы өлшенеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 11 тамыз күнісағат 12:00-де 24 шағынауданда орналасқан облыстық «Жастар батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді.
Бұл жарыста облыс намысын 30 ұл мен 6 қыз қорғайтын болады. Олардың қатарында аймақтың атынан халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген балуандарымыз да бар.
Жалпы, турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат-самбошылардың шеберлігін шыңдау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, татулықты нығайту,-дейді облыстық «Жастар батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.
Сондай-ақ, дәл осы күндері «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде көркем гимнастикадан «Шағала» атты республикалық турнир өтеді.
Қос шараны да тамашалау тегін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему