«Рухани жаңғыру-Жастар керуені» Форт-Шевченко қаласына келіп жетті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 14:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Рухани жаңғыру-Жастар керуені» Форт-Шевченко қаласына келіп жетті

7 Ноября 2017 (10:03) | 3025 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін таңертең Түпқараған ауданының Ақшұқыр елді мекеніне келіп жеткен «Жастар керуені» түстен кейін өз сапарын аудан орталығына қарай бағыттады. Форт Шевченко қаласына кіре беріс қақпаға келген бетте керуен делегациясын қала басшылығы бастаған топ қошеметпен қарсы алды.

 

 

Облыс орталығынан келген меймандарды түпқарағандықтар аудан орталығындағы «Рухани жаңғыру» кеңсесімен таныстырды. Жаңа ғимаратта орналасқан аталмыш жайда жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Арнайы жабдықталған мұнтаздай таза жұмыс кабинеттерінде керек-жарақтың бәрі бар екені байқалды. Аудандағы жас ұстаздардың басын қосқан арнайы ашылған топтың жұмысымен де таныстыру жасалды. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 4 тарауына арналып, түсіндіру бағытындағы ақпараттық стендттер дайындалған.

 

Осыдан соң Форт-Шевченко қаласының мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» өз жұмысын бастап кетті. Алдымен шараға қатысушылардың назарына ауданның тыныс-тіршілігі, бай тарихы мен жетістіктерін паш еткен бейнефильм ұсынылды. Ауыл тұрғындарымен еркін форматта әңгімелесу, ақпарат ұсынуға құрылған басқосуды «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Гүлшат Бултенова модератор ретінде жүргізді.

 

Жиын басында сөз алған Форт-Шевченко қаласының әкімі Мұратбек Досжанов пен Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов «Жастар керуенін» ұйымдастырудағы мақсат, кең ауқымды шарадан күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті.

 

 

Аудан жастарымен кездесуге келген бір топ спикерлерге ашық сұхбат алаңында сахна төрінен орын ұсынылды. Олардың қатарында «Жаңа серпін» орталығының бөлім басшысы Меруерт Досанова, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, «Рухани жаңғыру» облыстық офисінің сарапшысы Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан және «Түпқараған жастары» ЖҚБ төрағасы, жыл көшбасшысы Н.Мағдатов, қазақ күресінен ҚР бойынша спорт шеберіне үміткер Ж.Таңатов, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Аталықова Жұлдыз және Қарақия кәсіптік колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сәбиева болды.

 

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. Олар өзі қызмет ететін саласындағы мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер және мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. «Жаңа серпін» орталығының бөлім басшысы Меруерт Досанова жастарды жұмыспен қамту, жаңа мамандықтарға оқыту, біліктіліктерін арттыру және кәсіптік бағдар берудің Маңғыстау өңірінде ғана бар ерекшеліктері туралы әңгімеледі. «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері жайлы пайдалы ақпаратпен бөліссе, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірді. «Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз жат діни ағымдардан сақтану жөнінде жастарға пайдалы кеңестерін ұсынды. Интернет-сайттар арқылы теріс пиғылды діни ағымдардың ақпаратын таратқаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік жөнінде ескертіп өтті.

 

 

«Рухани жаңғыру» облыстық штабының сарапшысы Бақтыбай Жайлау замандастары-жастарды Маңғыстаудай киелі, қазыналы өлкенің тұнған тарихын зерттеп-зерделеуге үндеді. «Шах-қазақ» лақап атымен танымал, ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов өзінің спорттағы жетістікке жету сырымен бөлісіп, жас ұрпақты намысты, жігерлі болуға шақырды.

 

Басқосуға қатысқан ауыл тұрғындары спикерлерге өздерін толғандырған түйткілді мәселелер туралы айтып, жауап іздеген сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Жиын соңында Түпқараған ауданы «Рухани жаңғыру-Жастар керуенінің» эстафеталық стеласы Мұнайлы ауданына табысталды.

 

Шара аяқталған соң мәдениет үйінің фойесінде керуен қатарында келген әртүрлі сала мамандары ауыл тұрғындарына кеңестер берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему